1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдары арасындағы айырманы кеңейту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» «ҚРҰБ Басқармасының 2020 жылғы 14 шілдедегі №86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» жобаның (бұдан әрі – Жоба) әзірленіп жатқанын хабарлайды.

Жоба айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын сату бағамынан ауытқу шектерін қолданылу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін АҚШ доллары үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыруды ұсынады.

Ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға, сонымен қатар валюта бағамы төңірегіндегі құбылмалылықтың күшеюіне байланысты қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады. 

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға