1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

В.Тутушкиннің Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары болып тағайындалуы туралы

Мемлекет басшысының өкімімен Виталий Тутушкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Виталий Тутушкин еңбек жолын 1998 жылы ҚР ҰБ-та бастады. Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің, Зерттеулер және стратегиялық талдау департаментінің, Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры болды. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігінде Қаржы нарығымен өзара іс-қимыл департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ұлттық Банкте жұмыс істеген кезінде ақша-кредит саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға белсене атсалысты. Ол қаржы нарығын дамыту ісіне қатысты мәселелермен айналысып, қаржы нарығының қатысушыларымен және салалық қауымдастықтармен Ұлттық Банктің қызметін үйлестіру мәселелерін реттеді.

В.Тутушкин бұл қызметке Е.Біртановтың орнына келді, ол Мемлекет басшысының тиісті өкіміне сәйкес, өз өтініші негізінде ҚРҰБ Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға