Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 Қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларына, аккредиттеудің күшін жою негіздеріне мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Сараптама кеңесіне қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік мүшелерінің тізімі.
Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2022 жылғы 18 наурызға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде қабылданады.