1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем карточкалары арқылы қолма-қол ақшасыз жүргізілетін операциялар 2,2 есе өсті 

Қазақстандық банктердің төлем карточкалары арқылы 2021 жылы жалпы көлемі 93,7 трлн теңге сомаға 6,5 млрд операция жүргізілді (2020 жылы – 52 трлн теңге сомаға 3,2 млрд операция жүргізілген).

Төлем карточкалары бойынша операциялар көлемінің 78% (73,1 трлн теңге) қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілді және 22% (20,6 трлн теңге) банкоматтардан қолма-қол ақша алуға келеді.

2021 жылы әр бес қолма-қол ақшасыз операцияның үшеуі интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілді, олардың үлесі жалпы көлемнен 83% құрады. Орташа алғанда, интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілген күнделікті операциялар көлемі жалпы сомасы 167 млрд теңгеден артық 11,5 млн-нан асты.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін инфрақұрылым кеңеюде. POS-терминалдардың саны 2,4 есеге өсіп, 509 мың бірлікті құрады. Нарықтағы POS-терминалдардың 97% жанасусыз төлем функциясын қолдайды.

Төлем карточкаларын қабылдайтын кәсіпкерлер саны 2,5 есеге өсіп, 274 мыңды құрады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға