1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 11–18 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 18 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,2%-ға (429,10 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 428,32 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні қаралып отырған кезеңде әртүрлі бағытта болды. АҚШ ФРЖ-ның қаңтардағы отырысының жарияланған хаттамасында комитет мүшелерінің инфляция орнықты болған жағдайда монетарлық саясатты барынша жылдам күшейту мүмкіндігін атап өткені көрініс тапты. РФ мен Украина арасындағы геосаяси жағдайдың белгісіздігі тәуекелі бар активтер құбылмалылығының факторы болып табылады. ФРБ басшысы Сент-Луис Дж. Буллард ФРЖ-ның инфляция кесірінен мөлшерлемелерді бейтарап деңгейден жоғары көтеруіне (2%) тура келетіндігі жөнінде пікір білдірді.  

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы шетелдік капиталды әкелудің жалғасуы аясында 2,1%-ға (5,25-тен 5,14-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі және АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің төмендеуі аясында 1,2%-ға (20,54-тен 20,29-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы мұнай бағасының төмендеуі аясында 1%-ға (75,38-ден 74,66-ға дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды металл (ОАР-дың негізгі экспорттық тауарларының бірі – палладий мен платина) бағасының өсуі аясында 0,5%-ға (15,21-ден 15,13-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 347-ден 14 327-ге дейін) нығайды. Орталық банк мемлекеттік борышты монеталандыру шеңберінде Үкіметтен сатып алынған МБҚ-ны келесі жылы сатуды бастау жөніндегі жоспарлары туралы хабарлады;
  • Ресей рублі геосаясаттағы дағдарысты жағдай және қақтығыстың соғыс әрекеттеріне ұласуынан қауіптену аясында 0,4%-ға (77,2-ден 77,49-ға дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы монетарлық саясатқа қатысты қауіптенудің сақталуы аясында 1,3%-ға (13,49-дан 13,66-ға дейін) әлсіреді, Орталық банк қатарынан екінші рет мөлшерлемені өзгермеген деңгейде (14%) сақтап қалды.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға