1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 28 қаңтар мен 4 ақпан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 4 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (433,83 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 432,93 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтарда көптеген валюталардың серпіні оң болды. ЕОБ баға өсуінің жалғасуына қарамастан, негізгі мөлшерлемені 0% деңгейінде сақтап қалды. Англия Банкі мөлшерлемені 0,5%-ға дейін көтерді. Қаңтарда АҚШ-та қалыптасқан жаңа жұмыс орындарының саны сарапшылардың күткенінен жоғары болып, 467 мың жұмыс орнын құрады.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Ресей рублі мұнай бағасының өсуі және Сыртқы істер министрлігінің Ресей мен Украина арасындағы соғыстың мүмкін еместігі туралы мәлімдемелерінен кейін Ресей Федерациясы айналасындағы геосаяси шиеленістің төмендеуі аясында 3,1%-ға (78,15-тен 75,74-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы шетелдік капиталдың әкелінуі және мөлшерлеменің 10,75%-ға дейін көтерілуі аясында 0,9%-ға (5,38-ден 5,33-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды тәуекел-сентименттің жақсаруы және шетел капиталының әкелінуі аясында 0,9%-ға (15,6-дан 15,46-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ долларының жаһандық бағамының әлсіреуі аясында 0,6%-ға (20,81-ден 20,68-ге дейін) нығайды. 2021 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша, Мексика экономикалық рецессияға түсіп, ІЖӨ-нің төмендеуі 0,1% т/т болды;
  • үнді рупиясы инвесторлардың тәуекел дәрежесінің артуы аясында 0,5%-ға (75,04-тен 74,7-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы бір апта ішінде өзгермей 13,55 деңгейінде қалды. Үкімет активтерді шетел валютасынан лираға конвертациялаған кәсіпорындарға салықтық жеңілдік беру арқылы ұлттық валютаны нығайту бойынша жаңа шаралар ұсынды;
  • Индонезия рупиясы бір апта ішінде 14 375-тен 14 380-ге дейін әлсіреп, көп өзгере қойған жоқ.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға