1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 21-28 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

28 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,3%-ға (435,10-дан) нығайып, бір АҚШ долларына шаққанда 433,83 теңге деңгейінде қалыптасты.

Дамушы нарықтардағы валюталар динамикасы негізінен жағымсыз қалыптасты. Дамушы елдер валютасының динамикасына әлемдік қаржы нарығындағы оқиғалардың ықпалы басым болды. 25-26 қаңтар аралығында өткен ашық нарықтар жөніндегі Федералды комитет (FOMC) отырысының соңында АҚШ ФРЖ базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды, алайда, наурыз айына жоспарланған таяудағы отырыста мөлшерлемені көтеруді бастауға дайын екенін айтып қалды. 

ФРЖ сондай-ақ, облигацияларды сатып алу бағдарламасын қысқартып, наурыз айының басында сатып алуды тоқтататынын хабарлады. Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының динамикасы келесідей қалыптасты:

  • бразилия реалы 1,3%-ға (5,45-тен 5,38-ге дейін) нығайды, бұған экс-президент Луис Инасиу Лула да Силваның орталықшыл партиялармен одақтасу ықтималдығы туралы мәлімдемесіне байланысты шетелдік капиталдың ағылуы себеп болды;
  • индонезия рупийі 0,3%-ға (14336-дан 14375-ке дейін) әлсіреді, оған «Омикрон» штамын жұқтыру жағдайының өршуі мен АҚШ ФРЖ мәлімдемесі себеп болды;
  • ресей рублі РФ мен Батыс арасындағы геосаяси шиеленістің өсуі аясында 0,5%-ға (77,73-тен 78,15-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы АҚШ ФРЖ-ның «қатаң» риторикасына байланысты күшейген доллар аясында 0,7%-ға (13,45-тен 13,55-ке дейін) әлсіреді;
  • үнді рупийі жаһандық тәуекел-сентименттің төмендеуі мен шикі мұнайдың тұрақты бағасы аясында 0,8%-ға (74,43-тен 75,04-ке дейін) әлсіреді;
  • мексика песосы инвесторлардың тәуекелден кетуі және АҚШ долларының нығаюы аясында 1,7%-ға (20,47-ден 20,81-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды Орталық Банктің (SARB) есептік мөлшерлемені 4%-ға (0,25 б.п.) дейін көтеруіне қарамастан, мөлшерлемені жақын арада көтеруге әзірлік туралы АҚШ ФРЖ мәлімдеуінен соң 3,3%-ға (15,1-ден 15,6-ға дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты неғұрлым саудаланатын дамушы елдердің валюталары

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz   
www.nationalbank.kz

Жоғарыға