1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Айырбастау операциялары кезінде цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі айырбастау пунктерінде қолма-қол шетел валютасымен операция кезінде клиенттерді сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттарды да пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулердің қабылданғанын хабарлайды.

Тиісті өзгерістер Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 90 күн өткен соң күшіне енеді (Қаулы 2021 жылы 29 желтоқсанда жарияланды).

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz

Жоғарыға