1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 7-14 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 14 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы аптаның басынан бастап 0,7%-ға (431,81 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 434,84 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының көпшілігі бір апта ішінде нығайды. АҚШ сәрсенбіде тұтыну бағаларының индексі туралы есепті жариялады, онда желтоқсан айындағы көрсеткіш 40 жылға жуық уақыт ішінде ең жоғары базалық инфляцияны тіркеді. Осыған байланысты DXY АҚШ долларының индексі екі айлық минимумға дейін төмендеді, ал қазынашылық кірістілік өсуді көрсетті. Мұнай нарығындағы жағдай оң серпінді көрсетіп отыр, шектеулі ұсыныс және «Omicron» штамы төңірегіндегі алаңдаушылықтың әлсіреуі жағдайында мұнай бағасы барреліне 86 АҚШ долларынан асты.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюта бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • түрік лирасы президент Ердоғанның парламентте инфляцияны тежеу үшін қосымша реттеу шаралары туралы сөйлеген сөзі аясында 2,5%-ға (13,87-ден 13,53-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы АҚШ долларының әлсіреуі аясында 1,8%-ға (5,63-тен 5,53-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел сентиментінің жақсаруы және америкалық валютаның әлсіреуі жағдайында 1,2%-ға (15,58-ден 15,39-ға дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы DXY АҚШ доллары индексінің төмендеуі аясында 0,4%-ға (14351-ден
    14296-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы доллардың әлсіреуі және шикізат тауарларына бағаның өсуі аясында 0,4%-ға (20,4-тен 20,31-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы шетелдік капиталдың әкелінуі және америкалық валютаның әлсіреуі аясында 0,2%-ға (74,31-ден 74,15-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі геосаяси шиеленістер мен Ресей тарапының НАТО-мен қауіпсіздік кепілдіктері туралы келіссөздердің нәтижесіздігі туралы мәлімдемесі аясында 1,1%-ға (75,62-ден 76,48-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға