1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатылымға шығатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2021 жылғы 30 қарашадан бастап «Дала қазынасы» сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатыла бастайтынын хабарлайды.

Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады. 

JETI QAZYNA коллекциялық монеталары туралы

Ежелгі аңыз бойынша, нағыз қазақ көшпендісінің басты жеті қазынасы болған: ер жігіт, сұлу әйел, құмай тазы, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат және қыран бүркіт. Ақылды жар – отбасының берекесі, құмай тазы – аң аулаудағы серігі, берен мылтық – ұрыста сәтсіздікке ұшыратпайды, жүйрік ат пен қыран бүркіт – жауапты сәтте көмекші, ал жан-жақты білім – дана шешім қабылдауға көмектеседі деп есептелген.

Монеталардың жан-жақты сипаттамасын ҚҰБ сайтынан алуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға