1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкінің зерттеу гранттарына үмітті ізденушілерді конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды

Қазақстан Ұлттық Банкінің зерттеу гранттарынан үмітті ізденушілерді іріктеу үшін өткен бірінші байқаудың қорытындысы шығарылды. Гранттар экономикалық зерттеулерді дамыту, академиялық қоғамдастықтың ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық және Ұлттық Банк қызметінің басқа да бағыттары саласындағы ғылыми әлеуетін жұмылдыру мақсатында беріледі.

2021 жылғы 10 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында барлығы 44 өтінім түсті, оның 34-і тиісті талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін сараптамалық бағалауға жіберілді. Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент және зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашылық жасаған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензент ретінде ғылыми-сараптамалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі бар ғылыми қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Құрамына Ұлттық Банк қызметкерлері мен сыртқы тарап өкілдері кіретін гранттар беру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттердің және Ұлттық Банк бөлімшелерінің қорытынды түйінін ескере отырып, өтінімдерді жан-жақты әрі объективті тұрғыда қарап болған соң грант алуға үміт білдірген мына өтінімдерді мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Өтінім № Зерттеу тақырыбы Ізденуші
№ 63 Орталық банктің тәуелсіздігі және инфляция бойынша мақсатқа жету Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
№ 62 Бюджеттік шығыстар: циклдық күтпеген өзгерістер мен фискальды мультипликаторлар «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (Applied Economics Research Centre)» ЖШС
№ 61 Импортты алмастыру және әртараптандыру бойынша шаралардың нәтижелілігін талдау М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ
№ 69 Үй шаруашылықтарының борышы, гетерогенділігі және қаржылық тұрақтылығы Қазақстан-Британ техникалық Университеті
№ 90 Үй шаруашылықтарының борышы, гетерогенділігі және қаржылық тұрақтылығы «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (Applied Economics Research Centre)» ЖШС
№ 76 Сегменттелген еңбек нарығы: біліктілікке сұраныстың циклдік икемділігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ
№ 104 Қазақстандағы жеке капитал нарығы, оның даму келешегі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
№ 68 Бағалы қағаздар нарығында білікті және біліктілігі жоқ инвесторларды қорғау тетіктері: инвесторлардың тәуекел бейіні мен біліктілігін бағалау қағидаттары, әдістері мен оған қойылатын талаптарды қоса алғанда, Еуроодақ заңнамасының тәжірибесі Алматы Менеджмент Университеті

Мақұлданған өтінімдердің бюджеті – 75,6 млн теңге. Грант иегерлеріне грант беру туралы хабарлама мен қол қоюға грант беру туралы шарт жіберіледі.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға