1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 29 қазан мен 5 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 5 қарашада теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,6%-ға (427,11 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 429,82 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. Дамушы нарықтардың валюталары мен акциялары Федералды резервтік жүйенің басшысы Джером Пауэллдің сатып алынатын активтерді қысқарту туралы банк шешімінің жуық арада пайыздық мөлшерлемелерді арттыратынын білдірмейтіні жөніндегі мәлімдемесінен кейін аптаның соңына қарай шығындарды азайтты. Қазанда жұмыспен қамту жөніндегі мәліметтердің сарапшылар күткеннен асып түскендіктен АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір ай ішінде алғаш рет 1,5%-дан төмен құлдырап кетті.

 Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы ақша-кредит саясаты жөніндегі соңғы отырыста Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені 150-ден астам базистік тармаққа арттыру туралы мәселені қарастыруы аясында 1,8%-ға (5,64-тен 5,54-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ ФРЖ Төрағасының пайыздық мөлшерлемелерді жуық арада көтермейтіні туралы мәлімдемесі аясында 1,2%-ға (15,24-тен 15,05-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигациялары кірістілігінің төмендеуі және АҚШ ФРЖ басшысының мәлімдемесі аясында 1,1%-ға (20,56-дан 20,34-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы жергілікті IPO-ға шетелдік капиталдың әкелінуі аясында және қазанда PMI күшті деректеріне (+4 п.т.) байланысты 0,6%-ға (74,88-ден 74,46-ға дейін) нығайды;
  • Ресей рублі бюджет қағидалары шегінде Қаржы министрлігінің валютаны артығымен сатып алуы мен мұнай бағаларының құлдырауы аясында 0,6%-ға (70,84-тен 71,25-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Орталық банктің жалғасып келе жатқан жеңіл саясаты кезінде инфляцияның 19,89%-ға дейін күшеюі аясында 0,8%-ға (9,61-ден 9,69-ға дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 1,2%-ға (14168-ден 14331-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға