«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 74 824 өтінім қабылданды
2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 929,7 млрд теңге несие алуға 74 824 өтінім қабылданды. Оның ішінде 532,1 млрд теңгеге 42 927 несие мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz