1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банкте өтетін өндірістік тәжірибеге жоғары оқу орын студенттерін қабылдау туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) талантты жастарды ҚҰБ құрылымында жұмыс істеуге тарту мақсатында өндірістік тәжірибеден өткізу үшін жоғары оқу орындарының студенттерін қабылдайтынын хабарлайды. Қатысушылар тапсыратын өтінім 2021 жылғы 20 қазаннан 20 желтоқсанға дейін қабылданады

Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:            

  1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша соңғы курсында оқу;
  2. Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).

Іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттар қабылданады:

  1. Тіркеу формасы;
  2. Жоғары оқу орынның басшылығынан немесе жоғары оқу орынның факультет басшылығынан ұсыным хат;
  3. Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат;
  4. Оқу орыннан студенттің жоғары оқу орнында оқитынын растайтын анықтама;

Қосымша келесі құжаттар да ұсынылуы мүмкін:

  1. Шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.);
  2. Сертификаттардың, грамоталардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері.

Барлық құжаттарды мына электрондық мекен-жайға жіберу қажет: nargiz.kurmangozhayeva@nationalbank.kz .

Өндірістік тәжірибе кезінде Ұлттық Банктің барлық қызмет бағытынан өтуге болады. Студенттер өздері алған теориялық білімді өндірістік тәжірибеде бекітуге және дипломдық/магистрлік жұмыстарды жазуға қажетті материалдарды жинақтауға мүмкіндік алады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өндірістік тәжірибе офлайн режимде де, қашықтан да өтуі мүмкін.  

БАҚ өкілдері толық ақпаратты мына телефондар арқылы ала алады:
+7 (7172) 77- 52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға