1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 20-27 тамыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 27 тамызда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,3%-ға (426,93-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 425,74 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтардағы валюталардың көпшілігі апта ішінде нығайды. АҚШ ФРЖ Төрағасы Д. Пауэлл  биыл активтерді сатып алу бағдарламасы қысқаруы мүмкін екенін растағанымен, оның базалық мөлшерлемені тез арттыруды білдірмейтінін ескертті. Pfizer Inc./BioNTech компаниясының вакцинасын АҚШ-тың реттеуші органдары толық мақұлдады, бұл аурудың өршіп тұрған кезінде елдің иммундалу қарқынын күшейте алады.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды бейрезиденттердің Оңтүстік Африка облигацияларына келуі және ФРЖ Төрағасының жұмсақ пікірлері аясында 3,8%-ға (15,3-тен 14,72-ге дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы төменгі палата спикері Артур Лирдің елдің қаржылық қағидаларын ұстанатынын растай отырып, сөйлеген сөзі аясында 3,3%-ға (5,38-ден 5,2-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы шетелдік портфельдік инвестициялардың жергілікті нарыққа қайтарылуы туралы белгілер аясында 1,8%-ға (8,5-тен 8,35-ке дейін) нығайды. Елдің акциялары мен облигациялары нарығына бейрезиденттердің келуі тамызда $321 млн болды (20 тамыздағы жағдай бойынша);
  • үнді рупиясы АҚШ ФРЖ Төрағасының сөз сөйлеуі және инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жақсаруы аясында 0,9%-ға (74,39-дан 73,69-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы ФРЖ Төрағасы Джером Пауэллдің сөзінен кейін доллардың жаһандық әлсіреуі аясында 0,8%-ға (20,37-ден 20,2-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі мұнай бағасының өсуі мен тоқсан сайынғы салық төлемдері үшін экспорттаушылардың ауысуы аясында 0,6%-ға (73,93-тен 73,45-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы мемлекеттік қарызды монеталандыруға байланысты өршіп келе жатқан қауіпке қарамастан (Қаржы министрлігінің МБҚ-ны сатып алу жоспары 2022 жылға дейін ұзаруы мүмкін), АҚШ ФРЖ басшысының сөзінен кейін 0,2%-ға (14 453-тен 14 418-ге дейін) нығайды.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға