1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық валюта банкноттарын мерзімсіз айырбастау туралы

Қазақстан Ұлттық банкі 2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан  банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады.

Айналымнан алынған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалында шексіз мерзімде  қолданыстағы ақшаға айырбастап алуға болады.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда, ескі үлгісі 12 ай бойы қолданыста қатар жүреді. Бір жыл бойы ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болып саналады және оларды барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққан жағдайда 3 жыл ішінде оны Ұлттық Банктің филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері мен «Қазпошта» кеңселерінен де айырбастап алуға болады.

Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс нөмірлері  банк сайтында жазылған.

2006 жылғы үлгідегі 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 номиналды ұлттық валюта банкноттары

 

 
500 тенге 1 000 тенге   2 000 тенге 5 000 тенге 10 000 тенге

Толық ақпаратты БАҚ өкілдері төмендегі телефоннан ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға