1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың 18 маусым мен 25 маусым аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

25 маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің нарықтық бағамы АҚШ доллары үшін 426,94 теңге болып қалыптасты, осылайша бір аптада 0,02% (427,82-ден) нығайды.

2021 жылдың 18-25 маусымы аралығында сыртқы валюталық нарықта дамушы елдердің валюталары жан-жақты динамикадағы сипатта болды. АҚШ Президенті Д.Байден экономиканың инфрақұрылымын модернизациялау жөнінде  579 млрд долларға тең мәміле бойынша Конгрессте алдын ала келісімге қол жеткені туралы жария етті. АҚШ ФРЖ төрағасы инфляция болжамнан асып түскенін, алайда, алдағы уақытта азаятынын мәлім етті. Англия банкі болса ақша-несие саясатының параметрлерін өзгеріссіз (0,1%) қалдыра отырып, инфляцияның жеделдеуіне қарамастан жуырда осы саясатты қатайту процесі басталады деген болжамдарды жоққа шығарды. Жаңа штаммның салдарынан Covid-19 жұқтырғандардың саны артып, бұл әлемде тағы да шектеу шаралары енеді деген қауіп төндіріп отыр.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының қарқыны[1] АҚШ долларына қатысты төмендегідей қалыптасты:

  • мексикалық песо негізгі ставка 4,25% дейін өскен соң (25 б.п.) және болашақта тағы өседі деген болжамға байланысты 4,1% нығайды (20,66-дан 19,82-ге дейін);
  • бразилиялық реал ОБ-тің 2021 жылы экономика 4,6% дейін өседі деген болжамға (3,6% - бұрынғы болжам) байланысты 3,1%-ға нығайды (5,09-дан 4,93-ке дейін);
  • оңтүстікафрикалық ранд АҚШ-та инфрақұрылымдық жоспарға қатысты мәміле алдын ала келісілді деген ақпараттың шығуына байланысты инвесторлардың тәуекел тәбеті жақсарған соң, 1,4%-ға нығайды (14,35-тен 14,15-ке дейін);    
  • Ресей рублі экспортерлерге салық төлейтін кез шарықтау шегіне жеткен соң, 1,2%-ға нығайды (72,93-тен 72,06-ға дейін);
  • үндістандық рупия елде Covid-19 жұқтырғандардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен соң және қарыз нарығынан резидент емес тұлғалардың кетуіне байланысты 0,3%-ға әлсіреді (8,74-тен 8,77-ке дейін);
  • Түрік лирасы геосаяси тәуекелдер мен жоғары инфляцияға байланысты және негізгі ставканың төмендеу қаупіне байланысты 0,3% әлсіреді (8,74-тен 8,77-ге дейін);
  • Үнді рупиясы 0,4% әлсіреді (73,86-дан 74,19-ға дейін). Мұнай котировкаларының өсімі Үнді елінің ұлттық валютасына қысым көрсетуде. 

[1]АҚШ долларына қатысты сатылатын көлеміне байланысты дамушы елдердің валютасы

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға