1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 11–18 маусым аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 18 маусымда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,2%-ға (427,15-тен) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 427,82 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 11–18 маусым аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Инвесторлар АҚШ-тың макроэкономикалық статистикасына, атап айтқанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға берілген алғашқы өтінімдердің санына назар аударды, ол өткен аптада төмендеуін күткенге қарамастан 412 мыңға дейін 37 мыңға көтерілді. Сондай-ақ, АҚШ ФРЖ маусым отырысының қорытындылары бойынша базалық пайыздық мөлшерлемені жылдық 0-0,25% деңгейінде сақтап қалды, бұл ретте АҚШ ФРЖ мүшелерінің көпшілігі 2023 жылы мөлшерлеменің артатынын күтуде, бұл дамушы нарықтардағы көптеген валюта бағамдары бойынша АҚШ долларының нығаюына әкелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1]  серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы негізгі мөлшерлеменің 3,50-ден 4,25%-ға дейін 75 базистік тармаққа артуы аясында 0,6%-ға (5,12-ден 5,09-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы мамырдың қорытындысы бойынша жылдық инфляцияның 6,35%-ға дейін қарқын алуы аясында 1,1%-ға (73,08-ден 73,86-ға дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі АҚШ долларының нығаюы аясында 1,2%-ға (72,03-тен 72,93-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы Орталық Банктің негізгі мөлшерлемені 3,5% деңгейінде сақтауы аясында 1,3%-ға (14 189-дан 14 375-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ долларының нығаюы аясында 3,9%-ға (19,88-ден 20,66-ға дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Орталық Банктің негізгі мөлшерлемені 19% деңгейінде сақтауы және АҚШ долларының нығаюы аясында 4,2%-ға (8,39-дан 8,74-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды короновируспен күресу жағдайының нашарлауы және АҚШ долларының нығаюы аясында 4,6%-ға (13,72-ден 14,35-ке дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Жоғарыға