1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Visa екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев және Visa Халықаралық төлем жүйесінің Президенті Райан МакИнерни онлайн-кездесу өткізді.

Қазақстанның электрондық төлемдер мен инновацияларды дамыту саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Visa-мен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген нәтижелі ынтымақтастығы 25 жылдан астам уақыт бойы жалғасуда.

Тараптар Қазақстанның Ұлттық төлем жүйесін (ҰТЖ) құру бойынша ынтымақтастықтың жекелеген бағыттарын, төлем карточкалары нарығы мен  қолма-қол ақшасыз төлемдер саласында инновациялық технологияларды қолдануды одан әрі дамытуды  талқылады.

Кездесу барысында төлем карточкалары бойынша ішкі операцияларды өңдеуге арналған жергілікті жүйені құру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Visa басшылығы бірлескен жұмыс тобы шеңберінде ҰТЖ-ның құрамдас бөлігі болып табылатын карточкалық транзакцияларды өңдеу жүйесін құру кезінде ұйымдастыру және техникалық мәселелерді шешуге дайын екендіктерін растады. 

Президент Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған  Ұлттық төлем жүйесі ішкі есеп айырысулардың тұрақты және үздіксіз болуын, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жалпы алғанда, Қазақстанның төлем нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттырады. 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға