1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нархоз университетінде оқуға грант бөлу туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Нархоз университетінде «қолданбалы қаржы» магистратура бағдарламасы бойынша «қаржы талдаушысы», «қаржылық тәуекел менеджері», «макроаналитика және болжау», «актуарий» мамандықтары бойынша оқуға 30 грант бөлінгендігі туралы хабарлайды. Грант иегерлері де ай сайынғы стипендия алады.

Бағдарламаның басты мақсаты – талантты жастарды қолдау және олардың дамуына ықпал ету, қаржы нарығында сұранысқа ие және білікті мамандарды, оның ішінде қазіргі заманғы деректерді талдау білімдері, Bloomberg Terminal және т.б. дағдыларымен даярлау.

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін магистранттар Қазақстан Ұлттық Банкіне, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, сондай-ақ мемлекеттің қаржы ұйымдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Толық ақпарат Нархоз университетінің сайтында орналасқан.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға