1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың 14–21 мамыры аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына қатысты шолу

21 мамырдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің нарықтық бағамы АҚШ доллары үшін 428,86 теңге болып қалыптасты, осылайша бір аптада 0,035% (428,71-ден) аз ғана құнсызданды.

2021 жылдың 14–21 мамыры аралығында сыртқы валюталық нарықта дамушы елдердегі валюталардың қарқыны тең болды. Сәуір айында АҚШ-тағы екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің саны алдыңғы аймен салыстырғанда 2,7% төмендеді. АҚШ ресейлік ұйымдарға қарсы санкциялар мен «Солтүстік ағын 2» жобасы бойынша соттар енгізді. Еуроодақтың өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларындағы іскерлік белсенділіктің композициялы индексі (PMI) мамыр айында 56,9 пунктке дейін қсіп, алдыңғы бағалау бойынша үш жыл ішіндегі максималды мәнге жетті.

Дамушы елдердің валюта1 бағамдарының қарқыны АҚШ долларына қатысты төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды ОБ негізгі ставкаларының 3,5% деңгейінде 1,2% нығайды (14,13-ден 13,96-ке дейін)3,5%;
  • Үнді рупиясы резиденттер емес тарапынан келген инвестиция өскен соң және сәуір айының соңында жылдық экспорттың артуына байланысты 0,6% артты (73,29-тен 72,84-ға дейін);
  • Ресей рублі шикізат тауарлары бағасының өсуіне байланысты 0,5% нығайды (74,02-тен 73,64-ке дейін);
  • Түрік лирасы укрепилась на әлемдегі тәуекел-сентиментінің жақсаруына байланысты 0,4% нығайды (8,45-тен 8,42-ке дейін);
  • мексикалық песо ел Президентінің Орталық банктің қазіргі басшысын екінші мерзімге ұсынбаймын деген мәлімдемесіне кейін, 0,4% құлдырады (19,87-ден 19,95-ге дейін);
  • үндістандық рупия резидент еместердің мемлекеттік құнды қағаздан инвестицияларын алып кетуіне байланысты 1,1% құлдырады ( 14 198-ден 14 355-дейін);
  • бразилиялық реал оелдегі инфляцияның жеделдеуіне байланысты 1,9% құнсызданды (5,27-дан 5,37-дейін).

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға