1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ монеталары интернет-дүкенінің жұмысын пилоттық режимде қайта бастау және «MEDEÝ» монеталарын сату туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі осы жылдың 19 сәуірінен бастап коллекциялық монеталарды онлайн-сатуды қалпына келтіру мақсатында kazcoins.nationalbank.kz жаңа платформасында монеталардың интернет-дүкенін пилоттық режимде іске қосады. Жаңа платформада сатып алу үшін пайдаланушылар тіркеуден өтіп, жеке кабинет ашуы қажет.

2021 жылдың 20 сәуірінен бастап «Республика игілігі» сериясынан «MEDEÝ» коллекциялық монеталары интернет-дүкен арқылы сатылатынын қосымша хабарлаймыз.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға