1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Цифрлық теңге» баяндамасын қоғамдық талқылау туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанда цифрлық валютаны енгізу мәселесіне қатысты «Цифрлық теңге» баяндамасын алғаш рет онлайн режимде талқыға салды. Құжатта орталық банктердің цифрлық валюталарындағы артықшылықтар мен тәуекелдер, олардың міндеттері, эмиссия мен айналым әдістері және технологиялық платформасы әр қырынан зерттелген.

Баяндаманы талқылауға 150-ден астам қатысушы қосылды, олардың ішінде қаржы нарығының, мемлекеттік органдардың, жеке компаниялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Талқылау барысында жобаны жүзеге асыру кезіндегі технологиялық шешімдер, сондай-ақ цифрлық валютаның ақша-кредит саясаты мен қаржылық тұрақтылыққа әсер етуі туралы 100-ден астам түрлі сұрақтар түсті.

Цифрлық валютаны енгізу бойынша ілкі жобаны жүзеге асыру жоспарланған, цифрлық теңгенің экономикалық процестерге әсері туралы зерттеулер сериясы жасалып, сондай-ақ нарық қатысушылары мен халықаралық серіктестер арасында кеңес құру сессиялары өтеді.

Онлайн-отырыстың қысқаша мазмұны мен қатысушылар қойған сұрақтардың толық жауабы Ұлттық Банктің сайтында жарияланады. Жақын арада нарыққа қатысушылармен, мемлекеттік орган өкілдерімен және халықаралық серіктестермен осындай тақырыптық кездесулер өткізу жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыруға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды hq@nationalbank.kz және press@nationalbank.kz поштасына жіберуге болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға