1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы 2 – 9 сәуір аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 9 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы кезең ішінде 1,5%-ға (426,84-тен) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 433,15 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 2 – 9 сәуір аралығында дамушы елдер валюталарының динамикасы әртүрлі бағытта болды. ХВҚ әлемдік экономиканың 2021 жылғы өсу болжамын түзетіп, 6%-ға дейін көтерді (бұрын болжам 5,5% болған). АҚШ ФРЖ басшысы қалпына келтірудің аяқталмағанын білдіре отырып, АҚШ экономикасын қалпына келтіруге уәде берді. ҚХР-да өндірушілердің бағасы 2018 жылғы шілдеден бастап ең жоғары қарқынмен, наурызда 4,4%-ға, АҚШ-та 4,2%-ға ж/ж өсіп, талдаушылардың болжамынан асып түсті.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

- Мексика песосы қазынашылық облигациялар кірістілігінің өсуі мен АҚШ доллары бағамының тұрақтануы аясында 0,7%-ға (20,31-ден 20,16-ға дейін) нығайды. Наурызда инфляция реттеуші таргеттен 4,67%-ға ж/ж дейін өсті;
- Бразилия реалы Конгресс пен ел Үкіметі арасындағы 2021 жылға арналған бюджетке қатысты саяси келіспеушіліктердің төмендеуі аясында 0,5%-ға (5,71-ден 5,68-ге дейін) нығайды;
- Оңтүстік Африка ранды өндірістік саладағы іскерлік белсенділік индексінің наурызда (ақпанда 53-ке) 57,4-ке дейін ұлғайғаны туралы деректердің шығуы аясында 0,4%-ға (14,67-ден 14,61-ге дейін) нығайды;
- түрік лирасы бір апта ішінде өзгерген жоқ, 8,17 деңгейінде қалды;
- Индонезия рупиясы өңірде Covid-19-дың таралуына байланысты инвесторлардың қызығушылығының төмендеуі аясында 0,3%-ға (14 525-тен 14 565-ке дейін) әлсіреді;
- Ресей рублі санкциялар тақырыбының дамуын күтуден және РФ мен Украина арасындағы әскери шиеленістің өсуінен қауіптенуден геосаяси тәуекелдері аясында 1,5%-ға (76,3-тен 77,43-ке дейін) әлсіреді;
- үнді рупиясы 2021 жылы ОБ-ның қайталама нарықта 1 трлн рупий ($14 млрд) көлемінде активтерді сатып алу бағдарламасын жариялауы аясында 1,9% ға (73,33-тен 74,75-ке дейін) әлсіреді.


Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға