2021 жылғы 26 наурыз – 2 сәуір аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу
Сауда-саттық қорытындысы бойынша 2 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға (424,28-ден) құнсызданып, бір АҚШ доллары үшін 426,84 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 26 наурыз – 2 сәуір аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ президенті Джо Байден $2,25 трлн сомасына АҚШ-тың инфрақұрылымдық жоспарын ұсынды. Тәуекелді активтер ҚХР бірнеше IT-компанияларының ірі пакеттерін нарықта сатуына байланысты құбылмалылықты көрсетті. ҚХР-дағы өңдеу өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік индексі 2020 жылғы қарашадан бері ең жоғары деңгейге көтеріліп, (ақпандағы 50,6-дан) 51,9-ға дейін өсті. Наурызда АҚШ-та жұмыс орындарының саны 916 мыңға ұлғайды (соңғы 7 айдағы ең жоғары көрсеткіш), жұмыссыздық деңгейі 6%-ға дейін төмендеді.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
Оңтүстік Африка ранды Түркия инвесторларының ОАР-ға капиталды реаллокациялау аясында 2,1%-ға (14,98-ден 14,67-ге дейін) нығайды;
Мексика песосы ОПЕК + мүшелерінің ағымдағы өндіру шектеулерін сақтауды күтуіне байланысты мұнай баға белгілеудің өсуі аясында 1,3%-ға (20,58-ден 20,31-ге дейін) нығайды;
Бразиялия реалы Президенттің Конгреспен қарым-қатынасты жақсарту әрекеттері туралы білдіретін министрлер кабинетіндегі саяси өзгерістер жағдайында 0,9%-ға (5,76-дан 5,71-ге дейін) нығайды;
Индонезия рупиясы 0,7%-ға (14 418-ден 14 525-ке дейін) әлсіреді. ОБ АҚШ қазынашылық облигацияларының өсіп келе жатқан кірістілігіне қатысты қауіптер аясында ұлттық валютаның құбылмалылығын төмендету үшін валюталық интервенциялар жүргізді;
түрік лирасы ОБ жаңа басшысын тағайындауға байланысты капиталдың әкетілуі аясында 0,7%-ға (8,11-ден 8,17-ге дейін) әлсіреді. Реттеушінің жаңа төрағасы инфляциялық таргеттеу режимінің сабақтастығы мен сақталуы туралы хабарлады;
Ресей рублі еңбек нарығындағы жақсартуларға байланысты АҚШ доллары бағамының нығаюы аясында 0,9%-ға (75,65-тен 76,3-ке дейін) әлсіреді. ФҚО аукциондары санкциялық белгісіздікке байланысты бейрезиденттердің елеулі қатысуынсыз өтті;
үнді рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы, импорттаушылар тарапынан шетел валютасына сұраныс және кэрри-трейд позицияларын шетелдік инвесторлардың жабуы аясында 1,1%-ға (72,52-ден 73,33-ке дейін) әлсіреді.
.jpg)
(2).jpg)
1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz