Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Дала қазынасы» сериясынан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнін ауыстыру туралы

Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкі JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күні ауысқанын хабарлайды. Мұндай шешім санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау мақсатында қабылданып отыр.

JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының қай күні сатылымға шығатыны ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

Еске салайық, бұған дейін бұл монеталарды 2021 жылдың 31 наурызынан бастап Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылымға шығару жоспарланған еді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға