«7–20–25» бағдарламасы аясында қарыз беруге 55 732 өтінім қабылданды
2021 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша «7–20–25» бағдарламасын іске асыру аясында қарыз алуға 664,8 млрд теңгеге 55 732 өтінім қабылданды. Оның ішінде 391,2 млрд теңгеге 32 627 қарыз мақұлданды.

«7–20–25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227–20–25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz