1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банкте жоғары оқу орындарының студенттерін практиканы өтуге қабылдау туралы

Қазақстанның Ұлттық Банкі дарынды жастарды іздеу және ҚҰБ құрылымында жұмыс жасауға тарту мақсатында жоғары оқу орындарының студенттерін практикадан өтуге қабылдауын хабарлайды.

Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:            

  1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша бітіру курстарында оқу;
  2. Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).

Іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды жіберу қажет:

  1. Тіркеу формасы;
  2. Жоғары оқу орнының басшылығынан немесе жоғары оқу орнының факультет басшылығынан ұсыным хат;
  3. Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат;
  4. Студенттің жоғары оқу орнында оқуын растайтын оқу орнынан анықтама;

Қосымша келесі құжаттар ұсынылу мүмкін:

  1. Шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.);
  2. Сертификаттардың, грамоталардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері.

Практиканы Ұлттық Банкінің барлық қызмет бағыттарында өту мүмкін. Студенттер алынған  теориялық білімді практикада бекітуге және де дипломдық/магистрлік жобаны жазуға қажетті материалды жинақтауға мүмкіндік алады.

Соңғы үш жылдың ішінде Ұлттық Банкте практиканы 134 студент өтті (2017 жылы – 37, 2018 жылы – 48, 2019 жылы - 49), соның ішінде бірлескен білім беру бағдарламалар шеңберінде «Нархоз Университеті» және «Назарбаев Университеті» магистранттары.

Толық құжаттарды келесі электрондық мекенжайға жіберу қажет: assyl.ozbekalieva@nationalbank.kz .

Мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайына байланысты практика дистанционды форматта өту мүмкін.       

Толық ақпаратты БАҚ өкілдері келесі телефон арқылы ала алады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға