2020 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы бір күнде орташа есеппен 2,6 трлн теңгеге төлемдер жүргізілді
2020 жылы Қазақстан аумағында төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютада жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 703,5 трлн теңге болды. Осы көлемнің 92%-ы Ұлттық Банктің төлем жүйелері – банкаралық ақша аудару жүйесі мен банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілді.
ҚҰБ ұлттық төлем жүйелеріндегі транзакциялар саны 51,1 млн теңге болды, жалпы сомасы – 645,5 трлн теңге. Осылайша, операция жүргізілген күндері аталған жүйелердегі орташа жүктеме күніне 207,7 мың төлемге шықты. Орташа есеппен минутына 3,9 млрд теңгеге төлемдер жүргізілді.
Операция жүрген күн ішінде төлемдердің ең көп саны сағат 14:00-ден 18:00-ге дейінгі кезеңде өңделеді.
Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 2020 жылы 99,99%-ды құрады. Бұл белгіленген мақсатты көрсеткіштерден асып түседі және ұлттық төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі жоғары екенін сипаттайды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz