2021 жылғы 19–26 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 26 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,2%-ға (417,97-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 417,02 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 19–26 ақпан аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының көпшілігінің серпіні теріс болды. АҚШ қазынашылық облигациялар кірістілігінің өсуі аясында жаһандық инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуы байқалды. АҚШ ФРЖ Төрағасы Конгресте сөйлеген сөзінде экономиканың «толық жұмыспен қамтылудан» және инфляцияның нысаналы деңгейінен алыста екенін айтты, бұл реттеушінің жеңіл ақша-кредит саясатын қолдау ниетін білдіреді. Израильде вакцинацияны зерттеу нәтижесінде дәрі-дәрмектің 2-ші дозасынан кейін вакциналардың тиімділігі дәлелденді, бұл иммундау жағдайында пандемияның тоқтайтыны жөнінде үміт береді.
Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
- Ресей рублі РФ лауазымды тұлғаларына бағытталған ЕО санкцияларын дайындау туралы хабарламалар аясында 0,7%-ға (74,05-тен 74,57-ге дейін) әлсіреді;
- үнді рупиясы инвесторлардың тәуекел дәрежесінің нашарлауы және АҚШ доллары бағамының нығаюы аясында 1,1%-ға (72,65-тен 73,47-ге дейін) әлсіреді. Үндістан экономикасы 2020 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша рецесиядан шықты (+0,4% ж/ж);
- Индонезия рупиясы тәуекел активтеріне тәуекел-сентименттің жаһандық төмендеуі аясында 1,2%-ға (14 065-тен 14 235-ке дейін) әлсіреді. ОБ бағамды тұрақтандыру үшін спот нарығындағы интервенциялар, жеткізілімсіз форвардтар және борыштық нарық туралы хабарлады;
- Мексика песосы МБҚ кірістілігінің өсуіне байланысты АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында 2,1%-ға (20,43-тен 20,86-ға дейін) әлсіреді. 2020 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша Мексиканың ІЖӨ-сі 3,3% тоқ/тоқ дейін бәсеңдеді (өткен тоқсанда+12,1%);
- Оңтүстік Африка ранды теріс тәуекел-сентименті аясында 2,9%-ға (14,69-дан 15,12-ге дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы Ел Президентінің Petrobas мемлекеттік компаниясының басшысын жұмыстан босату туралы шешімінің және инвесторлардың тәуекел дәрежесінің нашарлауы аясында 3,9%-ға (5,39-дан 5,6-ға дейін) әлсіреді;
- түрік лирасы алдыңғы Қаржы министрінің резервтердің таусылуына апарған бақыланатын интервенциялар жүргізу жөніндегі саясатын қорғаған ел Президентінің сөзінен кейін инвесторлардың алаңдаушылығы аясында 6,6%-ға (6,97-ден 7,43-ке дейін) әлсіреді.
1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары
(1).jpg)
(2).jpg)
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz