«7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз беруге 53 819 өтінім қабылданды
2021 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында қарыз алуға 639,6 млрд теңгеге 53 819 өтінім қабылданды. Оның ішінде 377,4 млрд теңгеге 31 580 қарыз мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:
+7 (717) 2 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz