1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«BELKA. STRELKA», «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарын сатылымға шығатын күні және «MEDEÝ» коллекциялық монетасын сату форматы өзгергені туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі «Космос» сериясынан – «BELKA. STRELKA», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан – «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнін жариялады.

«BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығады. Олар әлеуметтік қашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады.

Сонымен қатар «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін хабарлаймыз. Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында сатылады.

«MEDEÝ» монеталарының сатылымға шығатын күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша хабарланады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға