1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылдың 9 айындағы Қазақстан Республикасының төлем балансы туралы

Ұлттық Банк 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша есептік төлем балансын қалыптастырды. 2019 жылғы 9 айдағы 5,1 млрд АҚШ долларындағы дефицитпен салыстырғанда  төлем балансының ағымдағы шоты  дефицитпен қалыптасып, 4,1 млрд АҚШ долларын құрады. Ағымдағы шотты жақсартудың негізгі факторы шетелдік инвесторларға төленетін кірістердің азаюы болды.

2020 жылғы қарашада жарияланған алдын ала деректер бойынша 2020 жылғы 9 айдағы төлем балансының ағымдағы шоты 3,8 млрд АҚШ доллары дефицитпен қалыптасты. Дефициттің 335 млн АҚШ долларына өсу жағына өзгерістері, негізінен, Қазақстан Республикасының халықаралық сауда жөніндегі стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректерін нақтылаумен және респонденттердің капитал қозғалысы бойынша келіп түскен есептерімен байланысты.

Тауарлар экспорты, 2019 жылғы 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда, 35,3 млрд АҚШ долларына дейін 18,2%-ға  қысқарды. Экспорттың қысқаруы мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты болды. Тауарлар импорты 26,4 млрд АҚШ долларына дейін 9,6%-ға төмендеді. Оның төмендеуі инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруына байланысты. Нәтижесінде сауда балансының оң сальдосы 36,0%-ға азайып, 9,0 млрд АҚШ долларын құрады.

2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мұнай бағасының төмендеуінің және COVID-19 пандемиясының әсерінен тікелей шетелдік инвесторларға төленетін кіріс  10,2 млрд АҚШ долларына дейін 36,8%-ға төмендеді. Кірістердің төмендеуі ағымдағы шоттың одан әрі нашарлауын тежеді.

Қаржы шоты бойынша респонденттердің есептері негізінде жүргізілген өзгерістер орын алды. Қаржы шоты бойынша капиталдың таза әкелінуі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2020 жылғы 9 айда 9,3 млрд АҚШ долларын құрады, 2019 жылғы 9 айдағы таза әкетілу 2,3 млрд АҚШ доллларын құрады. Әкеліну, негізінен «Тенгизшевройл» ЖШС-ның болашақта кеңейтілетін жобасын іске асыруды қаржыландыруды жалғастырумен, ҚР Қаржы Министрлігінің тәуелсіз облигацияларды орналастыруымен және ҚР Ұлттық қорының операцияларымен қамтамасыз етілді.

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 33,8 млрд АҚШ долларына бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 8,7 айын қаржыландыру қажеттілігін өтейді.

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (7172) 77 52 05
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға