1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Úki» коллекциялық монетасы «Монета шоқжұлдызы» халықаралық байқауында көрермен көзайымы жүлдесіне ие болды

Қазақстан Ұлттық банкі «Монета шоқжұлжызы-2020» ХІV байқауының қорытындысы туралы хабарлайды. Интернет арқылы жиналған дауыстардың нәтижесінде «Көрермен көзайымы жүлдесі» номинациясында Қазақстанның  «Úki» күміс монетасы жеңіске жетті. Әртүрлі елдердің тұрғындары арнайы порталға кіріп, 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында дауыс берген болатын.

Биылғы байқауға 17 елден 26 қатысушы өз монеталарын ұсынған. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Латвия, Қырғыз Республикасы, Польша, Венгрия сияқты басқа да елдердің орталық банктері бар. Бұдан өзге Лихтенштейн, Австралия, Италия, Нидерланд, Франция, Литва, Бельгияның монета сарайлары, сондай-ақ Numiartis (Германия), Power Coin (Италия) және Allcollect GmbH (Германия) сияқты монета дистрибьютерлері жұмыстарын ұсынды. 

  

«Монета шоқжұлдызы» дегеніміз Ресей аумағында өтетін және естелік монеталарға арналған жалғыз халықаралық байқау. Оған әлемнің ұлттық банктері, монета сарайлары мен монета дистрибьютерлері қатысып, монеталарын ұсына алады.

Толық ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға