1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 18–25 желтоқсан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 25 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (417,42-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 419,50 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 18 – 25 желтоқсан аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталары нарығындағы жағымды серпін коронавирустың жаңа штаммының пайда болуы және АҚШ-тағы ынталандыру топтамасын мақұлдау перспективалары жөніндегі қауіптер салдарынан тоқтап қалды. Кейбір еуропалық және басқа елдер Ұлыбританиямен көлік қатынасын шектеу немесе тоқтату туралы мәлімдеді. Осыған дейін АҚШ Сенаты экономиканы ынталандыру бойынша шығыстардың қомақты жиынтығын мақұлдады, бірақ Д.Трамп дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында азаматтарға төленетін төлемдерді ұлғайту бөлігінде заң жобасын өзгертуді талап етті. Ұлыбритания ЕО-мен тарихи сауда келісімін жасады, келісім Брекзит талаптарын келісудің төрт жылдық кезеңін аяқтады. АҚШ сауда министрлігі қарулы күштермен байланысты 100-ден астам РФ мен ҚХР компанияларын тізімге енгізді. Тізімге ену АҚШ-тың кейбір тауарлары мен технологияларын осы ұйымдардың сатып алуын шектеуі мүмкін.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • түрік лирасы негізгі мөлшерлеменің талдаушылардың болжамынан асып түсіп, 17%-ға дейін артуы аясында 0,9%-ға (7,62-ден 7,55-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы Брекзит бойынша мәмілелерді келісу аясында тәуекел-сентиментінің біршама жақсаруынан 0,5%-ға (19,95-тен 19,86-ға) нығайды;
  • үнді рупиясы бір аптада өзгере қойған жоқ, 73,57-ден 73,55-ке дейін нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды коронавирус ауруының өсуі және денсаулық сақтау министрінің Covid-19-дың таралуын тежеу үшін қосымша шаралар қажет екендігі туралы мәлімдемесі аясында 0,5%-ға (14,54-тен 14,61-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы коронавирустың жаңа түріне байланысты инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жаһандық нашарлауы аясында тұрақтылықты сақтау мақсатында жүргізілген валюталық интервенцияларға қарамастан, 0,6%-ға (14 110-нан 14 200-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі мұнай бағасының төмендеуі және бірқатар ресейлік компанияларды АҚШ-тың пікірінше, осы елге қауіп төндіретін АҚШ сауда министрлігінің компаниялары тізіміне енгізу салдарынан санкциялық тәуекелдер жағдайында 0,9%-ға (73,44-тен 74,11-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы Сovid-19-дың жаңа түріне қатысты қауіптер, сондай-ақ желтоқсанның ортасына қарай инфляцияның ОБ таргетінен 4%-дан 4,23%-ға дейін қарқын алуы туралы деректердің жариялануы аясында 2,8%-ға (5,08-ден 5,22-ге дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға