1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жыл басынан бері Ұлттық Банкке жеке және заңды тұлғалардан 2 мыңнан астам өтініш түсті

Биылғы 9 айда Қазақстан Ұлттық Банкіне жеке және заңды тұлғалардан 2304 өтініш түсті. Оның ішінде 840 өтініш (36,4%) мынадай бағыттарда:

  • төлем жүйелері мен төлем ұйымдарының жұмысы, қолма-қол ақшасыз аударымдар;
  • валюталық реттеу және валюталық бақылау;
  • алтын құймаларды, коллекциялық монеталарды, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын өткізу;
  • ұлттық валюта банкноттары мен монеталардың айналысы, инкассация, қолма-қол ақшаны тасымалдау тәртібі бойынша Ұлттық Банктің құзыретіне жатады.

Өтініштер жеке тұлғалардан, сол сияқты кәсіпкерлерден, екінші деңгейдегі банктерден, банктік емес айырбастау пункттерінен және басқаларынан келіп түсті. Барлық өтініш бойынша заңмен белгіленген мерзімде тиісті түсініктемелер мен жауаптары берілді.

Түскен сұрақтардың басым бөлігі – 1464 өтініш (63,6%) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА, Агенттік) құзыретіне жатады:

  • банк қызметі (қарыздар бойынша берешекті өтеу, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, қарыздарды қайта қаржыландыру және басқалары);
  • коллекторлық агенттіктердің, брокерлік компаниялардың, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын және онлайн микрокредит беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың қызметі.

Ұлттық Банктің құрылымы қайта ұйымдастырылғаннан кейін қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау және реттеу, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау функциялары ҚНРДА-ға берілгенін естеріңізге сала кетейік.

Осыған байланысты Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерді Агенттіктің www.finreg.kz сайтында көрсетілген деректемелерге, сондай-ақ +7 (727 2) 619 200 телефоны арқылы жолдап, e-mail: info@finreg.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Жеке және заңды тұлғалардың ҚҰБ құзыретіне қатысты жеткізетін мәселелері болса, ҚҰБ ресми интернет-ресурсында көрсетілген деректемелерге жүгініп, анықтама қызметінің 8 (7172) 77-55-77 телефонына хабарласа алады немесе e-mail: hq@nationalbank.kz электронды поштасына және Ұлттық Банктің сайтындағы байланыс орталығын өтініш жолдай алады.

Толық ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға