Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді және ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы консультативтік орган болып табылады.
Толығырақ ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан eec.eaeunion.org/kk/comission/about/ алуға болады.
Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің негізгі міндеті статистика саласындағы мәселелер бойынша ұсынымдар дайындау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен консультациялар өткізу болып табылады.
Толығырақ ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан eec.eaeunion.org/comission/about/ алуға болады.
Кеңес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің консультативтік – кеңесші органы болып табылады. Кеңестің негізгі мақсаты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің мандатына кіретін өзекті ақпаратпен алмасу болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінен кеңес жұмысына жоғары басшылығы (Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағалары немесе Төрағасының орынбасарлары) қатысады.