1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹16 01/02/2005

2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін арнайы лицензияға 21 екінші деңгейлі банктер мен «Қазпочта» АҚ  ие болса, олардың ішінен 19 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Алтын кард –«Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ және «Алматы сауда қаржы банкі» АҚ, SmartAlemCard –«ТуранАлем банкі» АҚ, «Каспийский банкі» АҚ, «Сити банкі» ЖАҚ,  «Цесна банкі» АҚ карточкалары және Дуэт - «Валют-Транзит Банк» АҚ, сондай-ақ халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығаруда: American Express International - «Казкоммерцбанк» АҚ, «Алматы сауда қаржы Банкі» АҚ, «ТуранАлем банкі» АҚ,«Темір банкі» АҚ, «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, «ЦентрКредит банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Тexabank» АҚ, Diners Club International - «Казкоммерцбанк» АҚ, Europay International – «Альфа-банк» ЕБ ЖАҚ.

2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 2.42 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 2.33 млн. адам болған (2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 28% және 25.6% артқан[1]). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 87.6%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі – 12.4%. 2004 жылдың 1-ші ақпанында бұл арақатынас 85.8% және 14.2% құраған болатын.

2005 жылдың қаңтарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 44.6 млрд теңге құрады (өсім 2004 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда  40.1% -ды құрады). Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің (3.9 млрд. теңгеге дейін немесе 2.7 есе) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар көлемінің өсуімен (40.6 млрд. теңгеге дейін немесе 33.9%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуде екендігін айта кеткен жөн.  2005 жылдың қаңтарында транзакциялардың саны 2.5 млн. транзакцияны құрап, 2004 жылдың қаңтар айымен  салыстырғанда  25.6%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (267.8 мың транзакцияға дейін немесе 2.8 есе) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (2.2 млн транзакцияға дейін немесе 17.8%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады. 

Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының дамуы жайындағы толығырақ мәліметтер 1 - 4 Кестелерде келтірілген. 

           

Кесте 1

Көрсеткіштер

01.02.04

01.02.05

Айналымдағы карточкалар саны (мың бірлік), оның ішінде

1 889.1

2 418.6

    - жергілікті жүйе карточкалары

268.8

299.1

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

1 620.3

2 119.5

          Visa International

1 322.3

1 686.4

          Europay International

297.6

432.7

Карточка ұстаушыларының саны (мың адам), оның ішінде

1 854.5

2 330.0

    - жергілікті жүйе карточкалары

262.3

287.4

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

1 592.3

2 042.6

          Visa International

1 299.7

1 618.1

          Europay International

292.2

424.2

Қолданылған карточкалардың саны (мың бірлік), оның ішінде

1 304.4

1 068.2

    - жергілікті жүйе карточкалары

192.9

113.4

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

1 111.4

954.8

          Visa International

923.3

757.4

          Europay International

187.9

197.3

POS – терминалдар саны (дана), оның ішінде

4 202

4 194

      сауда кәсіпорындарында

2 517

2 684

      банктерде

1 685

1 510

Импринтерлер саны (дана), оның ішінде

2 051

1 496

      сауда кәсіпорындарында

1 144

767

      банктерде

907

729

Банкоматтар саны (дана)

877

1 152

Сауда кәсіпорындарының саны (бірлік)

2 151

2 321

 

Кесте 2

Көрсеткіштер

2005 ж. 1 ақпанындағы жағдай бойынша

POS – терминал-дар саны
(дана)

Импринтер-лер саны
(дана)

Банкомат-тар саны
(дана)

Сауда кәсіпорындарының саны
(бірлік)

Барлығы, оның ішінде

4 194

1 496

1 152

2 321

Ақмола облысы

109

29

27

47

Ақтөбе облысы

200

32

62

68

Алматы облысы

32

6

16

0

Атырау облысы

145

60

68

64

Шығыс-Қазақстан облысы

301

138

97

106

Жамбыл облысы

89

32

41

41

Батыс-Қазақстан облысы

105

29

46

37

Қараганды облысы

407

95

131

169

Қостанай облысы

130

32

35

33

Қызылорда облысы

32

14

26

12

Маңғыстау облысы

140

37

77

76

Павлодар облысы

172

39

60

34

Солтүстік-Қазақстан облысы

70

5

34

28

Оңтүстік-Қазақстан  облысы

132

58

66

39

Алматы қаласы

1 674

767

271

1 294

Астана қаласы

456

123

95

273

Қазақстандық эмитенттердің шығарған төлем карточкаларының Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде қолданылуы (қазақстандық банктер тарататын American Express International, Diners Club International, Visa International және Europay International карточкалары бойынша айналымдар есепке алынбады)    

           

Кесте 3

Көрсеткіштер

Қаңтар

Қолма-қол ақшасыз төлемдер

Қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар

2004 жыл

Саны (мың транз.), оның ішінде

96.1

1 888.9

   - жергілікті жүйе

10.4

209.4

   - халықаралық жүйе, оның ішінде

85.8

1 679.5

     Visa International

68.6

1 382.5

     Europay International

17.2

296.9

Көлемі (млн. теңге), оның ішінде

1 478.4

30 352.6

   - жергілікті жүйе

9.9

3 079.9

   - халықаралық жүйе, оның ішінде

1 468.5

27 272.7

      Visa International

1 209.8

22 809.1

      Europay International

258.7

4 463.6

 

Жоғарыға