1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹18 01/04/2005

2005 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін арнайы лицензияға 21 екінші деңгейлі банктер мен «Қазпочта» АҚ  ие болса, олардың ішінен 20 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Алтын кард –«Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ және «Алматы сауда қаржы банкі» АҚ, SmartAlemCard –«ТуранАлем банкі» АҚ, «Каспийский банкі» АҚ, «Сити банкі» ЖАҚ,  «Цесна банкі» АҚ карточкалары және Дуэт - «Валют-Транзит Банк» АҚ, сондай-ақ халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығаруда: American Express International - «Казкоммерцбанк» АҚ, «Алматы сауда қаржы Банкі» АҚ, «ТуранАлем банкі» АҚ,«Темір банкі» АҚ, «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, «ЦентрКредит банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, Diners Club International - «Казкоммерцбанк» АҚ, Europay International – «Альфа-банк» ЕБ ЖАҚ.

2005 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 2.56 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 2.45 млн. адам болған (2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 29.1% және 26.1% артқан[1]). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 87.5%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі – 12.5%. 2004 жылдың 1-ші сәуірінде бұл арақатынас 85.9% және 14.1% құраған болатын.

2005 жылдың наурызында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 67.5 млрд теңге құрады (өсім 2004 жылдың наурыз айымен салыстырғанда  55.9%-ды құрады). Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің (4.7 млрд. теңгеге дейін немесе 3 есе) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар көлемінің өсуімен (62.8 млрд. теңгеге дейін немесе 50.4%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуде екендігін айта кеткен жөн.  2005 жылдың наурызында транзакциялардың саны 4.2 млн. транзакцияны құрап, 2004 жылдың наурыз айымен  салыстырғанда  39.9%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (407.3 мың транзакцияға дейін немесе 3.2 есе) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (3.8 млн транзакцияға дейін немесе 31.8%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады. 

Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының дамуы жайындағы толығырақ мәліметтер 1 - 4 Кестелерде келтірілген. 

           

Кесте 1

Көрсеткіштер

01.04.04

01.04.05

Айналымдағы карточкалар саны (мың бірлік), оның ішінде

1981.5

2557.6

    - жергілікті жүйе карточкалары

279.5

319.1

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

1701.9

2238.5

          Visa International

1360.9

1791.6

          Europay International

340.6

446.5

Карточка ұстаушыларының саны (мың адам), оның ішінде

1939.9

2447.0

    - жергілікті жүйе карточкалары

272.0

304.4

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

1667.9

2142.6

          Visa International

1342.9

1708.3

          Europay International

324.7

433.9

Қолданылған карточкалардың саны (мың бірлік), оның ішінде

1456.2

1546.7

    - жергілікті жүйе карточкалары

202.6

166.3

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

1253.6

1380.4

          Visa International

1041.2

1104.6

          Europay International

212.2

275.6

POS – терминалдар саны (дана), оның ішінде

4 235

4 639

      сауда кәсіпорындарында

2 578

3 039

      банктерде

1 657

1 600

Импринтерлер саны (дана), оның ішінде

2 016

1 508

      сауда кәсіпорындарында

1 081

774

      банктерде

935

734

Банкоматтар саны (дана)

914

1 252

Сауда кәсіпорындарының саны (бірлік)

2 152

2 417

 

Кесте 2

Көрсеткіштер

2005 ж. 1 сәуіріндегі жағдай бойынша

POS – терминал-дар саны
(дана)

Импринтер-лер саны
(дана)

Банкомат-тар саны
(дана)

Сауда кәсіпорындарының саны
(бірлік)

Барлығы, оның ішінде

4 639

1 508

1 252

2 417

Ақмола облысы

127

27

33

47

Ақтөбе облысы

211

27

66

72

Алматы облысы

57

7

19

6

Атырау облысы

153

59

74

71

Шығыс-Қазақстан облысы

336

139

100

116

Жамбыл облысы

103

31

49

42

Батыс-Қазақстан облысы

137

30

48

44

Қараганды облысы

407

98

144

159

Қостанай облысы

159

32

45

36

Қызылорда облысы

34

14

26

10

Маңғыстау облысы

161

38

84

84

Павлодар облысы

188

40

62

35

Солтүстік-Қазақстан облысы

82

5

37

27

Оңтүстік-Қазақстан  облысы

168

59

81

45

Алматы қаласы

1 804

773

279

1 308

Астана қаласы

512

129

105

315

Қазақстандық эмитенттердің шығарған төлем карточкаларының Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде қолданылуы (қазақстандық банктер тарататын American Express International, Diners Club International, Visa International және Europay International карточкалары бойынша айналымдар есепке алынбады)    

           

Кесте 3

Көрсеткіштер

Наурыз

Қолма-қол ақшасыз төлемдер

Қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар

2004 жыл

Саны (мың транз.), оның ішінде

126.2

2 845.3

- жергілікті жүйе

19.5

270.6

- халықаралық жүйе, оның ішінде

106.8

2 574.7

Visa International

85.2

2 083.1

Europay International

21.5

491.6

Көлемі (млн. теңге), оның ішінде

1 583.1

41 721.4

- жергілікті жүйе

14.7

3 703.0

- халықаралық жүйе, оның ішінде

1 568.4

38 018.3

Visa International

1 294.3

31 493.5

Europay International

274.1

6 524.8

2005 жыл

Саны (мың транз.), оның ішінде

407.3

3 750.3

- жергілікті жүйе

53.8

296.7

- халықаралық жүйе, оның ішінде

353.4

3 453.6

Visa International

284.1

2 770.8

Europay International

69.3

 

 

Жоғарыға