1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«ҚРҰБ Экономикалық шолуы» басылымы

598.96 Кб
Жарияланған күні:
323.91 Кб
Жарияланған күні:
586.8 Кб
Жарияланған күні:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымы – қысқаша мазмұндалатын, көпшілікке қолжетімді академиялық журнал. Басылым тоқсан сайын үш тілде шығып тұрады.

Басылымның негізгі мақсаты – оқырмандарды экономика, қаржы, ақша-кредит және макроэкономикалық саясат, қаржылық тұрақтылық, фискалдық және макропруденциялық саясат, қолма-қол ақша айналымы, төлем жүйелері мен қаржылық технологиялар, қаржы нарығын реттеу мен дамыту саласындағы ғылыми-практикалық идеялармен таныстыру.

Басылымда жариялау үшін эмпирикалық зерттеулер, теориялық мақалалар, нарықтық шолулар мен талдаулар, әдебиеттерге шолулар қаралады. Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен оқушылары, мемлекеттік қызметшілер және Басылым бағыттарының тақырыбы бойынша басқа санаттағы авторлар да автор бола алады. Авторлар үшін журналда материал жариялау – тегін.

Басылымға келіп түскен әрбір мақала рецензиялау рәсімінен өткізіледі. Редакция алқасы әрбір нақты мақала бойынша рецензенттерді оның тақырыбын ескере отырып таңдайды. Егер келіп түскен мақала журналдың ең төменгі талаптарын (тақырыбы, ғылыми деңгейі, ресімделуі бойынша) қанағаттандырмаса, Редакция алқасы авторға дәлелді бас тарту жібере отырып, оны қабылдамауға құқылы.

Редакция алқасы мақалалармен жұмыс істеудің барлық кезеңінде жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанып, Committee on Publication Ethics (COPE, publicationethics.org) ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінің ұсынымдарын орындайды. Сонымен қатар авторлар мен рецензенттерден де этикалық әрекет қағидаттарын ұстану күтіледі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымы RePEC (https://ideas.repec.org/s/aob/journl.html) дерекқорында индекстеледі.

Басылымға материал жариялауға мүдделі авторлар мақаласын economic.review@nationalbank.kz электрондық поштасына жібере алады.

Байланыс деректері

Телефон: +7 (727) 278–80–59 

e-mail: economic.review@nationalbank.kz

421.35 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға