"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ
«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚОҚ»АҚ) әділет органдарында 2017 жылғы 11 қыркүйекте тіркелді. «ҚОҚ» АҚ-тың Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары екінші деңгейдегі банктерге қаржылық қолдау көрсету арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының, жалға берілетін тұрғын үйлердің қолжетімділігін артыруды қамтамасыз етуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға, басымдық берілген жобаларды кредиттеу тетігіне, Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендету бойынша шараларды іске асыруға қатысу болып табылады.
«ҚОҚ» АҚ қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:
- екінші деңгейдегі банктерге қаржылық қолдау көрсету, оның ішінде реттелген қарыз беру (реттелген облигацияларды сатып алу) арқылы қолдау және осы мақсаттарда екінші деңгейдегі банктермен және олардың акционерлерімен шарт жасасу;
- инвесторларды іздестіру және екінші деңгейдегі банктердің реттелген облигацияларды (реттелген борышты) айырбастау арқылы сатып алынған акцияларын жаңа инвесторға (инвесторларға) өткізу;
- қаражатты бағалы қағаздарға, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шот және банктік салым шартының талаптары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен талаптар бойынша орналастыру;
- факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан, төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу (екінші деңгейдегі банктерден банктік қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу);
- екінші деңгейдегі банктерге банктік қарыздарды кері қайта беру.
Басқарманың Төрағасы – Оспанов Ерболат Серікұлы
Мекенжайы: A15C9T5, Алматы қ., мкр. Коктем-3, 21
Телефон: +7 (727) 277-20-25 (ішкі н.7300);
E-mail: info@kfu.kz
Интернет-ресурс: www.kfu.kz