2000 теңге
2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 25.12.2024
Өлшемі: 135х70 мм
Басым түсі: жасыл
Бет жағы
Бет жағының орталық бейнелері:
– көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
– ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
– артефакт – молшылық пен байлықтың символы ретінде мүйізді жануардың бейнесі (Қызылтоған қорғаны, б.з.д. 7-6 ғғ., Жетісу).
Сырт жағы
Сырт жағындағы негізгі бейнелер:
– ою-өрнекпен безендірілген қалқанның фонында ақбөкендер;
– «Қалқанды» бейнелейтін дөңгелек қазақ ою-өрнегі - құндылықтарды қорғаудың символы, ежелгі символ – әлемнің төрт қыры, орталықтағы күн белгісі Жасампаз энергия мен өмірдің символы ретінде.
Сондай-ақ, банкнотаның сырт жағында артефакт – ақбөкеннің басы бейнеленген (№4 қорған, б.д. д. 7 ғғ., Қазақстан, Торғай облысы Қостанай уезінің Данбар болысынан табылды). Банкнотаның ортасында фон ретінде қазақ ою-өрнегіндегі «шексіздік» контуры бар, оның ішінде Бурабай көлінің бейнесі бейнеленген.
2012 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 29.03.2013
Өлшемі: 139х73 мм
Бет жағы: басым түсі – ашық жасыл. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), киіктің стильдендірілген суреті, ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түсі – қою жасыл. Негізгі бейнелері – Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының сұлбасы, стильдендірілген киіз үй, мемлекеттік тудың бөлігі.
2011 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ VII ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 17.01.2011
Өлшемі: 139х73 мм
Таралымы: 20 000 000
Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, қола дәуірінің жартастағы бейнесі, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – тау аясындағы шаңғышы және VII Қысқы Азия ойындарының нышаны.
2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006
Өлшемі: 139х73 мм
Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, қола дәуірінің жартастағы бейнесі, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнелері – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты (Алматы қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды.
2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімі бойынша қандай да бір шектеусіз ҚҰБ аумақтық филиалдарында айырбастауға болатынын атап өтеміз.
2000 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 02.11.2001
Өлшемі: 144х69 мм
Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Қосымша қорғаныш элементтер («2000» саны бар металсыздандырылған жіп, алтын интаглио, сондай-ақ банкнотты қарау бұрышына байланысты пайда болатын, ою-өрнектің ішіндегі «2000» саны) қолданылған.
Сырт жағы: басым түстері – жасыл және қоңыр. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2000 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.
1996 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1996
Өлшемі: 144х69 мм
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысына сәйкес 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды айырбастау 2013 жылғы 30 қазанда аяқталды.