1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

1000 теңге

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕЛІК МЕРЕЙТОЙЛЫҚ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 09.05.2025

Өлшемі: 130х70 мм

Басым түсі: қоңыр-сарғылт

Алдыңғы бетінде:

– Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.

– Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.Сырт жағы

Екінші бетінде:

– тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген.

– ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.

 

2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

   

Айналысқа енгізілген күні: 28.03.2025

Өлшемі: 130х70 мм

Басым түсі: қоңыр және ашық қоңыр

Бет жағы

Бет жағының орталық бейнелері:

– көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);

– ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;

– артефакт – төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символы ретінде (Бесоба қорғаны, б. з. д. 6-4 ғғ., Орал өңірі, Батыс Қазақстан).

Сырт жағы

Сырт жағындағы негізгі бейнелер:

– ою-өрнекпен стильденген қалқан фонында Төбет пен Тазы тұқымдас иттер;

– дөңгелек қазақ халқының ою-өрнегі, «қалқан» бейнесі – құндылықтарды қорғау нышаны, ежелгі символ – төрт тарап, ортасындағы күн белгісі – жасампаздық энергиясы мен өмір нышаны.

Сондай-ақ, банкнотаның сырт жағында артефакт, төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символын (Қырық-Оба қорғаны, б. з. д. 7-6 ғғ., Батыс Қазақстан) көрсетеді. Банкнотаның ортасында фон ретінде ою-өрнек стилінде бейнеленген шексіздік символына тән Қазақстанның дала жоталары берілген.

2014 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 01.12.2014

Өлшемі: 134х70 мм

Бет жағы: басым түстері – қоңыр және сары. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі  қоңыр. Негізгі бейнелері – Үстірт шоқысы (Батыс Қазақстан), Қазақстан картасының сұлбасы.

 

«КҮЛТЕГІН» ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНЕ АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 12.12.2013

Өлшемі: 134х70 мм

Таралымы: 10 000 000

Бет жағы: басым түстері – қоңыр және сары. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.) және «Күлтегін» мүсінінің бөлігі, ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі  қоңыр. Негізгі бейнелері – түркі жауынгерлерінің жартастағы бейнелері, түркі жазба ескерткіші.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ» ҰЙЫМЫНА ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІНЕ АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 25.05.2011

Өлшемі: 134х70 мм

Таралымы: 10 000 000

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнелері – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі  көк. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2010 ЖЫЛЫ ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНДА (ЕҚЫҰ) ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІНЕ АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 05.01.2010

Өлшемі: 134х70 мм

Таралымы: 10 000 000

Бет жағы: басым түстері – көгілдір ақық және жасыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан елтаңбасы, ұлттық ою-өрнектер және ұшып келе жатқан құстар, «Бәйтерек» монументі (Астана қ.).

Сырт жағы: басым түстері – көгілдір ақық және көк. Негізгі бейнелері – Астанадағы Қазақстан Президентінің резиденциясы «Ақорда», ұлттық ою-өрнектер, құстың стильдендірілген бейнесі.

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006

Өлшемі: 134х70 мм

Бет жағы: басым түстері – қоңыр және сары. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, қола дәуірінің жартастағы бейнесі, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – қоңыр және сары. Негізгі бейнелері – Президенттің мәдениет орталығының ғимараты (Астана қ.), Қазақстан картасының сұлбасы, Үстірт шоқысы (Батыс Қазақстан).

Назар аударыңыздар: «2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 285 қаулысына сәйкес номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2017 жылғы 1 наурыздан бастап төлем құралы болуын тоқтатты.

2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы шыққан  банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімі бойынша қандай да бір шектеусіз ҚҰБ аумақтық филиалдарында айырбастауға болатынын атап өтеміз.

 

2000 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 02.11.2001

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түстері – жасыл және қызыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Қосымша қорғаныш элементтер («1000» саны бар металсыздандырылған жіп, алтын интаглио, сондай-ақ банкнотты қарау бұрышына байланысты пайда болатын, ою-өрнектің ішіндегі  «1000» саны) қолданылған.

Сырт жағы: басым түстері – жасыл және қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.

 

1994 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 14.02.1995

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түстері – жасыл және қызыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.

Сырт жағы: басым түстері – жасыл және қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысына сәйкес 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2002 жылғы 1 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды айырбастау 2013 жылғы 30 қазанда аяқталды.

Жоғарыға