1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

5000 теңге

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

  

Айналысқа енгізілген күні: 25.12.2023

Өлшемі: 140х70 мм

Басым түсі: қызыл-қызғылт сары

Бет жағы

Бет жағының орталық бейнелері:

 көкте қалықтап ұшқан құс пен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, біздің дәуірімізге дейінгі (б.д.д.) 5-4 ғғ., Алтын адамның бас киімінің бір бөлшегі, табиғат пен наным-сенім байланысының қасиетті мағынасы);

– ДНҚ спиралы және ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы (адамның табиғатпен шексіз уақыт ағымындағы байланысы).

 жәдігер – бүркіт бейнесі түріндегі әшекей (Талды қорғаны II, б.д.д. 7-6 ғғ.; бүркіт шексіз еркіндіктің, күш-қуат пен ептіліктің символы ретінде).

Сырт жағы

Сырт жағындағы негізгі бейнелер:

– ою-өрнекпен безендірілген қалқан аясында Қазақстанда мекендейтін бүркіттің бейнесі;

– негізгі бейненің артында бірден бірнеше ойды бойына сіңірген дөңгелектеп жасалған қазақша ою-өрнек бар:

  • «Қалқан» - құндылықтарды қорғауды білдіреді;
  • ежелгі символ - әлемнің төрт құбыласы;
  • ортасында күн белгісі шығармашылық энергияның нышаны, өмірдің символы.

 жәдігер - қанаты кеңге жайылған бүркіттің бейнесі (Берел қорғандары «Патшалар Алқабы», б.д.д. 8-7 ғғ., ШҚО, әшекейдің элементі, еркіндік пен үйлесімділіктің символы).

– банкноттың ортасында фон ретінде қазақтың «шексіздік» ою-өрнегінің сұлбасы бейнеленген, оның ішінде Шарын шатқалының пейзаждық көрінісі суреттелген.

 

2011 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 30.12.2011

Өлшемі: 144х76 мм

Бет жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан тәуелсіздігі монументі және «Қазақстан» қонақ үйі (Алматы), Қазақстан картасының сұлбасы.

 

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА — ТЕҢГЕНІҢ ЕНГІЗІЛУІНІҢ 15 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 08.07.2008

Өлшемі: 144х76 мм

Бет жағы: басым түстері – қызыл және қоңыр. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі  (Астана қ.), ашық алақан, жартастағы бейне, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба. Қалықтаған бүркіт түрінде Spark деген қорғаныш элемент қолданылған.

Сырт жағы: басым түстері – сары және қызыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан тәуелсіздігі монументі және «Қазақстан» қонақ үйі (Алматы қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006

Өлшемі: 144х76 мм

Бет жағы: басым түстері – қызыл және қоңыр. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, жартастағы бейне, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – сары және қызыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан тәуелсіздігі монументі және «Қазақстан» қонақ үйі (Алматы қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды. 2021 жылдың 1 ақпанында аталған банкноттың қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталды.

2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы шыққан  банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімі бойынша қандай да бір шектеусіз ҚҰБ аумақтық филиалдарында айырбастауға болатынын атап өтеміз.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 16.12.2001

Өлшемі: 149х74 мм

Таралымы: 1 000 000

Бет жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнелері – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 10 НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» деген жазба.

Сырт жағы: басым түсі – қою қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнота, оның ішінде мерейтойлық жазуы бар банкнотаны қоса алғанда 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында осы банкноттарды қабылдау және айырбастау 2018 жылғы 14 қарашада аяқталды.

 

2001 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 16.12.2001

Өлшемі: 149х74 мм

Бет жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Жаңа қорғаныш элементтер (түсін өзгертетін бояумен орындалған қалықтаған бүркіт пен күннің бейнесі) қолданылған.

Сырт жағы: басым түсі – қою қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды. 

 

1998 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1999

Өлшемі: 149х74 мм

Бет жағы: басым түсі – қызыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – қою қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік, оның ішінде мерейтойлық жазуы бар банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды. 

Жоғарыға