10 000 теңге
2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 28.06.2024
Мөлшері: 145х70 мм
Басым түсі: күлгін көк
Бет жағы
Бет жағының орталық бейнелері:
- көкте қалықтап ұшқан құспен қатар «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, б.д.д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік нышаны;
- артефакт – тау шыңындағы барыс бейнелі әшекей (Есік қорғаны, б.д.д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, қар барысы – батылдықтың, құдіреттілік пен сұлулықтың нышаны).
Сырт жағы
Сырт жағындағы негізгі бейнелер:
– ою-өрнекпен безендірілген қалқан аясында бейнеленген Қазақстанда мекен ететін барыс бейнесі;
– негізгі бейненің артында дөңгелек пішіндес қазақтың ою-өрнегі орналасқан:
- «Қалқан» - құндылықтарды қорғауды білдіреді;
- ежелгі символ - әлемнің төрт құбыласы;
- ортасындағы күн белгісі – жаратушылық күш-қуат пен өмір нышаны.
– артефакт: аузында грифондары бар барыс басының бейнесі («Патшалар алқабы» атты Берел қорғандары, б.д.д. 8-7 ғғ., ШҚО, безендіру элементі, мақсатқа жету және күш-жігер нышаны).
– банкноттың ортасында фон ретінде қазақтың ою-өрнегі түріндегі «шексіздік» контуры орналасқан, оның ішінде Іле Алатауы тауларының ландшафты көрінісі бейнеленген.
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТЕҢГЕНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ БАНКНОТ


Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2023
Көлемі: 145х70 мм
Бет жағы: басым түсі – көк-күлгін. Негізгі бейнелері – Қазақстан елтаңбасы бейнеленген монета және «Мёбиус жолағы», А (Абай), Ж (Жетісу) және Ұ (Ұлытау) бас әріптерімен белгіленген облыстары бар Қазақстан Картасы.
Сырт жағы: басым түсі – көк-күлгін. Негізгі бейнелері – "Теңге" белгісі бейнеленген монета және "Мобиус лентасы", еуразиялық континентінің картасында Қазақстанның мемлекеттік шекарасының контуры.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 01.12.2016
Өлшемі: 149х79 мм
Таралымы: 100 000
Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» бас киімінің бөлігі – «Өмір ағашы», астананың көрінісі бар голографиялық металл жолақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің факсимилесі және күннің стильдендірілген бейнесі.
Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнелері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті, артқы көріністе Қазақстан картасының сұлбасы, Астана қаласының ғимараттары, олардың ішінде «Бәйтерек» монументі.
2012 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 25.04.2012
Өлшемі: 149х79 мм
Бет жағы: басым түстері – көк және күлгін. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түстері – көк және күлгін. Негізгі бейнелері – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақорда», Қазақстан картасының сұлбасы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 04.07.2011
Өлшемі: 149х79 мм
Таралымы: 30 000 000
Бет жағы: басым түстері – күлгін және көк. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндердің стильдендірілген бейнелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түстері – күлгін және көк. Негізгі бейнелері – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақорда» (Астана қ.), Қазақстан картасының сұлбасы, «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ЖИЫРМА ЖЫЛ» деген жазба, Қазақстан тәуелсіздігі 20 жылдығының логотипі.
2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006
Өлшемі: 149х79 мм
Бет жағы: басым түстері – күлгін және көк. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түстері – күлгін және көк. Негізгі бейнелері –Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақорда» (Астана қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан ақша айналысынан алынды.
2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімі бойынша қандай да бір шектеусіз ҚҰБ аумақтық филиалдарында айырбастауға болатынын атап өтеміз.
2003 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 28.07.2003
Өлшемі:149х74 мм
Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.
Сырт жағы: басым түстері – көк және сұр. Негізгі бейнесі – Іле Алатауының аясындағы ілбіс.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.