1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

БЕРЛИНДЕГІ «WORLD MONEY FAIR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ «KRAUSE PUBLICATIONS» ӨТКІЗЕТІН МОНЕТАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Құрамында монета сарайларының, Орталық банктердің, мұражайлардың, нумизматикалық ұйымдардың, журналистердің және жеке сарапшылардың 17 елден келген өкілдері бар конкурс комиссиясы конкурсты өткізу сәтінде шығарылған коллекциялық және ескерткіш монеталарды өз бетінше іріктейді. Монеталарды бағалауда дизайнның тартымдылығын, көркем орындалуын және соғу сапасын бағалау негізге алынды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ұлы қолбасшылар» сериясынан «Аттила» ескерткіш күміс монетасына «Тарихи тақырып бойынша ең үздік монета» номинациясында «Жылдың ең үздік монетасы» наградасы берілді.

Жоғарыға