2024 IACA EXCELLENCE IN CURRENCY AWARDS БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ
TEŃGEGE 30 JYL қазақстандық мерейтойлық монетасы "үздік мерейтойлық монета"номинациясы бойынша IACA's Excellence in Currency Awards (IACA - валюталық мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастық) байқауының финалисті ретінде марапатталды.
Валюталық мәселелері халықаралық қауымдастығы (IACA) ұйымдастырған Excellence in Currency Awards қолма-қол ақша айналысы саласындағы беделді марапаттардың бірі болып табылады. Ол инновациядағы, тұрақты дамудағы және валюта қауіпсіздігіндегі жетістіктерді мойындайды. Байқаудағы жеңіс саладағы көшбасшылықты жаһандық мойындауды білдіреді, өйткені қатысуға ең маңызды және инновациялық жобаларға ғана рұқсат етіледі. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен орталық банктер мен тенге сарайлары қатысады.
TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монетасының тұжырымдамасын Қазақстан Ұлттық Банкінің дизайнерлері жасаған. Монетаның дизайны цифрлық технологияларды дамыту контекстінде теңге белгісін пайдалануға негізделген. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өсуді, сондай-ақ ұлттық сәйкестілік пен талғамды білдіреді.