1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ МОНЕТАЛАРЫ «МОНЕТА ЖҰЛДЫЗЫ-2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА МАРАПАТТАЛДЫ

«BALQASH ALABUǴASY» монетасы «Оригиналды технология» номинациясында бірінші орынға ие болды. «QORQYT ATA» монетасы «Монета классикасы» номинациясында үшінші орынды иеленді. «AI•KÚN» монетасы Лихтенштейндік CIT Coin Invest AG компаниясының «Көбелек – Гауһар махаббат» монетасымен бірге «Сувенирлік монета» номинациясында қола жүлдені бөлісті. 2024 жылы байқауға 18 елден 24 қатысушы өз монеталарын ұсынды, бұл біздің жетістіктеріміздің халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын көрсетеді.

Жоғарыға