1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы

(26.01. 2004 ж. – 21.01.2009 ж.)

1960 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты.

1982 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін (мамандығы – саяси экономия), 1987 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін, 1994 жылы экономика және қаржы магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон Университетін бітірген.

М.Ломоносов атындағы ММУ-ды бітірген соң 1982 жылғы тамыздан бастап 1993 жылғы наурыз аралығында оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметпен айналысқан.

  • 1993 жылғы қыркүйектен бастап 1996 жылғы тамыз аралығында Лондондағы (Ұлыбритания) Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің стажер-зерттеушісі және арнайы қызметкері болып жұмыс істеген.
  • 1996 жылғы тамыздан бастап 1998 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болған.
  • 1998 жылғы сәуірден бастап 2000 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
  • 2000 жылғы тамыздан бастап 2002 жылғы маусым аралығында «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып жұмыс істеген.
  • 2002 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелеріне және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне жетекшілік етті.
  • 2004 жылғы қаңтардан бастап 2009 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымын атқарды.

 

Жоғарыға