1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сембаев Дәулет Хамитұлы

(20.12.1993 ж. – 10.01.1996 ж.)

1935 жылы 10 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Еңбек қызметін 1958 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіргеннен кейін С.М. Киров атындағы зауыттан бастады, онда 1966 жылға дейін мастер, аға мастер болып жұмыс істеді.

  • 1966 – 1972 жылдары Қазақ КСР Мемжоспарлауда әр түрлі басшы лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 1972 - 1983 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі аппаратында кеңесші болып, Хатшылықтың меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқарушының орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 1983 - 1990 жылдары Қазақ КСР Мемжоспарлаудың бөлім бастығы, Төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. 
  • 1990 - 1991 жылдары Президенттік Кеңес мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы экономикалық кеңес төрағасының орынбасары болды.
  • 1991 - 1993 жылдары  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Бірінші орынбасары қызметін атқарды.
  • 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.

 

Жоғарыға